Астанада 2 жасар бала орташа деңгейдегі үсікпен ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасы. 

6 ақпан күні қатты аязда медициналық көмекке жүгінгендер саны 14-ке жеткен.  12-сі жедел жәрдем шақыртқан, 2-еуі ауруханаға өздері барған. Олардың ішінде 10-ы ересек, 4-еуі кішкентай бала.

«2017 жылғы сәби №2 қалалық ауруханаға жатқызылды. Орташа деңгейдегі үсік. Қалғандары тұрғылықты мекен жайы бойынша қаралатын емханаға жіберілді», -дейді басқарманың баспасөз қызметі. 

Үсіктен қайтыс болғандар жоқ.  

Дереккөз: NewTimes.kz