"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев бүгінде отандық еңбек нарығындағы ең танымал мамандықтарды атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агеннтігі.

    "Егер біз ең танымал бос жұмыс орындары туралы айтатын болсақ, бұл машинистер, жүргізушілер, аспазшылар, оқытушылар, тігіншілер, сатылым өкілдері, даяшылар және басқалары. Бірақ бұл негізінен колледж түлектері және білімді қажет етпейтін кейбір біліктіліктер", - деді Олжас Ордабаев Facebook-тегі онлайн-байланыс кезінде.

    Сонымен қатар ол жоғары білімді қажет ететін және көп сұранысқа ие мамандықтарға тоқталды.

    "Бұл агрономия, құрылыс, менеджмент, есеп және аудит, жалпы медицина. Ең көп бос жұмыс орындары болып агрономдар, шығын инженерлері, дизайнерлер, жарнама менеджерлері, сатып алу менеджерлері, есепшілер, экономистер, психологтар, жалпы практика мамандары саналады. Біз ауылшаруашылық мамандықтарына үлкен қажеттілікті көріп отырмыз, бірақ бұл мамандықтар бойынша бітірушілер, бітіргеннен кейін, өкінішке орай, ауылға бармайды", - деп қорытындылады Олжас Ордабаев.

    Сонымен қатар, Олжас Ордабаев Қазақстандағы жалақысы ең жоғары болып саналатын мамандықтарды атап өтті.

    "Біріншіден, бұл мұнай-газ және тау-кен ісі, электроника және автоматика, жылуэнергетика және басқалар. Бұл жерде жалақы мен жұмыспен қамту жағынан техникалық мамандықтар басым екенін атап өткіміз келеді. Бұл біздің түлектерімізге және олардың ата-аналарына техникалық бағытта әлі де үлкен қажеттілік бар екендігі туралы жақсы ескерту болуы мүмкін", - деді Олжас Ордабаев.

    Спикер техникалық мамандықтарда жалақысы жақсы жұмыс табуға мүмкіндік көп екенін атап өтті.