Күні кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың қауіпсіздігін сақтауға тиісті құзырлы орындарға нақты тапсырмалар жүктеді. 

Әсіресе маған  Президентіміздің Алматыдағы карантинге байланысты аймақтарға ағылып шыққан жастар туралы айтқаны  қатты ұнады. Мегополистен ауылға еріксіз келген жұмыссыз жастарды «Жол картасы» бойынша, аймақтарда көктемгі егіс, құрылыс және де басқа жұмыстарға ақы төлеп тарту керек,­ – деді  өз сөзінде мемлекет басшысы. Өте дұрыс айтады. 100 мыңнан астам жас ауылда босқа жүрмеуі тиіс. Бос адам қылмысқа баруы мүмкін. Болмаса бір нәрсеге ұрынуы әбден ықтимал. Осы ретте оларды ауылды жерлердегі ақылы жұмысқа тарту керек-ақ. Бұл өз кезегінде табыс тауып, ауыл шаруашылығының дамуына да септігін тигізер еді. 

Сондай-ақ,  мемлекет басшысы пандемия дүрбелеңінде  ұлтаралық қатынас күн тәртібінен сырғып түсіп қалғанын және бұл тыныштық алдамшы екенін назарға алды.  Көктемгі егіс науқанында болуы мүмкін жерге, суға талас дауларына қатысты да  деректі дереу жеткізуге құзырлы орындарға жүктеді. Бұл да өте өзекті дүние. Ең бастысы - ұлтаралық қатынасты жақсартып, дау-жанжал туғызбаудың алдын алу қажет. 

Тағы бір ұнамды тұс ретінде күн демей, түн демей демалыссыз қызмет атқарып жүрген дәрігер, полиция және басқа саланың қызметкерлеріне  бір айлық жалақы көлемінде сыйақы беруге тапсырма жүктелгенін айтуға болады. Еңбектің осылайша бағаланғаны жақсы. Қуантады. Сала қызметкерлерін жігерлендіре түсері даусыз. 

Тұрғындардың әл-аухатын ұстап тұру үшін күрделі қадамдарға баруға тура келгенін атап өткен Тоқаев карантин кезінде несиені шегеру, қарыз өстемін есептемеу, салықтан босату сияқты қадамдарға.

Досай Кенжетай, Философия және теология ғылымдарының докторы