Әзербайжан тарихы Ұлттық музейі биыл 100 жылдығын салтанатты түрде атап өтуге дайындалуда. Осыған орай Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің тиісті өкімімен мерейтойға дайындық жұмыстары басталды.

Ұлттық Ғылым академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, ӘЗЕРТАЖ агенттігінің хабарлауынша, мерейтойға әзірлік барысында музей экспозициясы жаңғыртылып, қорлар жаңа материалдармен толықтырылуда. Музей директоры, академик Наили Велиханлы Нахчыван автономиялық республикасы Жоғарғы мәжілісінің төрағасы Васиф Талибовке ұсыныс жолдағаннан кейін кейбір археологиялық жәдігерлерді ұлттық музейге тұрақты қоюға шешім қабылданды.

Осылайша Күлтепе I, Овчулартепеси, Қойтпеси, Дуздаг, Нахчывантепе және Оғланқала ескерткіштерінен табылған қыш ыдыстар мен олардың бөліктері, сондай-ақ сына жазуы бар бір фрагменттен тұратын археологиялық материалдар музейдің археологиялық қорына берілді. Аталған бұйымдар б. з. д. VI-I мыңжылдықтарға жатады.

Айта кету керек, бұл тарихи олжалар аймақтың, соның ішінде Әзербайжанның ежелгі заман тарихы мен мәдениетіне қатысты құнды материалдық дереккөздер болып табылады.

Дереккөз: twesco.org