Енді гүрзі жұдырықты спортшының үш баласы бар.

"Қазақстанның бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлды болуымен құттықтайды. Геннадийге және отбасына зор денсаулық, отбасына бақыт тілейміз", - делінген ҚБФ сайтында.


Головкиндер отбасы бұған дейін 2009 жылы туылған Вадим есімді ұл мен 2017 жылы дүниеге келген, бірақ әлі күнге дейін есімі жарияланбаған қызды тәрбиелеп отыр. Боксшының ұлы Лос-Анджелесте хоккеймен айналысады және спорттың осы түрімен жетістікке жететініне үміт арттырып отыр.

Геннадий мен Алина ұзақ уақыт бойы кездесіп жүріп, 2007 жылы отау құрған болатын. GGG-дің жұбайы өзін толығымен отбасына арнаған.