Арыс қаласында баспанасыз жүрген азамат бір айдың көлемінде баспаналы болып, тіпті көлік сатып алды.. Бұл туралы белгілі қоғам белсендісі, тарихшы Өмір Шыныбекұлы Өзінің фейсбук парақшасында жазды.

- Балалардың жағдайы жақсы. Келгелі денсаулықтары түзелді. Сырғанақ ойнап мәз-мәйрам. Кешке үйге әзер кіргіземіз.Тәбеттері де ашылды.

Сабақтары да түзелді. Жақында біреуі аудандық білім сайысына барады.

Өзім жұмысқа орналастым. Ресейдің Пермь деген қаласы 400 км екен. Сол қалаға барып машина сатып алдым...

Айы-күні жетіп отырған келініңіз дәрігерлік есепке тұрды. Біздегі секілді ақша беріп УЗИ-ге түсе салмайды екен.  Жолдама алып барса тегін екен. 

Түркістаннан_теріскейге қоныс аударған Арыстық Бексұлтан бауырым хабарласты.. - деген Ө.Шыныбекұлының жазбасына 140 астам адам лүпіл басып, біраз адам пікір жазып, бөліскен.  Бексұлтан секілді солтүстікке көшем дейтін адам болса, Өмір Шыныбекұлының жеке парақшасына жазып, толыққанды ақпарат ала-алады.