Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшілігі жергілікті БАҚ-тар үшін «Мехико қаласында «Заманауи Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары» атты баспасөз-конференциясын өткізді. 

Ұлттық және аймақтық теледидар арналарының, радиостанциялардың, мерзімді басылымдардың, ҮЕҰ мен саяси топтардың өкілдері қатысқан баспасөз-конференциясы барысында ҚР-дың Төтенше және Өкілетті Елшісі Андриан Елемесов қатысушыларды еліміздің қалыптасу және заманауи тарихының негізгі кезеңдерімен таныстырды, сондай-ақ Қазақстандағы соңғы саяси және экономикалық өзгерістер туралы әңгімеледі. 

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы күні қарсаңында қатысушылар Қазақстан тұрақты және қауіпсіз мемлекет ретінде халықаралық беделге ие болған, сондай-ақ әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына енген қазіргі Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Н. Назарбаевтың ерекше рөлімен танысты.

Кездесу барысында Қазақстандағы ағымдағы саяси ахуалдың жай-күйін, сондай-ақ елдегі билік транзитін жүргізу ерекшеліктерін түсіндіруге ерекше назар аударылды. Журналистер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Жолдауының негізгі ережелерімен және оның жүзеге асырылу барысымен танысты. 

Қазіргі тиімді мемлекет құруға, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға және өңірлерді дамытуға бағытталған Президенттің саясаты туралы ақпарат журналистердің ерекше қызығушылығына ие болды.

Қорытындылай келе, БАҚ-тар Мексикамен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша Қазақстанның ағымдағы жағдайы мен жоспарлары туралы толық ақпарат алды. 

Іс-шара барысында қонақтарға ақпараттық-имидждік бейнематериалдар көрсетілді, сондай-ақ қазақ және жергілікті тағамдары ұсынылды.