Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Бәйшешек» лагерінде «ЖАСТАР ЕРІКТІЛІК БАСҚАРУ» тақырыбында екі күндік оқу лагері өтті.

Шара – биылғы «Жастар жылын» қорытындылау және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған 2020 жыл – «Еріктілер жылын» қолдау аясында өткізілді.


Оқу лагеріне Түркістан облысының барлық аудан, қалаларындағы колледж жəне университеттердің студенттері, соның ішінде 200- ге жуық еріктілер ұйымдарының көшбасшылары жиналды.
Іс-шара барысында жастар еріктілік пен жобаларды басқару, командада жұмыс жасай білу және көшбасшылық қабілеттерін дамыту , ерікті жастар ұйымының жұмысын оңтайлы жүргізу сияқты бағыттар бойынша қызықты дәріс алды.
Тренингке арнайы Түркиядан жеке тұлға ретінде өсу жөніндегі халықаралық тренер-коуч


Рамазанов Арслан,

Шымкент қаласынан экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Дінмұхамед Жақыпбеков, Нұр-Сұлтан қаласынан Ақпарат және қоғамдық даму комитетінің жобалық менеджері - Бурлаченко Людмила келіп, жастардың біліктілігін шыңдады. «ЖАСТАР ЕРІКТІЛІК БАСҚАРУ» тренингі жастармен жұмыстың жаңа бағытын айқындап берді.