Түркістанның облыс дәрежесін алуына байланысты қаланың орталығындағы үйлердің бағасы қымбаттай түсіпті. Пайдаланусыз жатқан жер тілімдерінің бағасы өзі 1 миллион теңгеге қымбаттаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Қазіргі уақытта беделсіз ықшам-ауданның өзінде 10 сотық жер тілімі 2,5 миллион теңгені құрапты. Ал қалаға кіреберісіндегі жерлердің құны 3 миллион теңгеден басталатын көрінеді. Бұған дейін Ясы ықшам-ауданында 500 мың теңгені құрайтын 10 сотық жер бағасы қазір екі-үш есе қымбаттаған. Бұл жағдай жергілікті тұрғындардың үрейін туғызыпты. 

"Менің танысым түгі жоқ жерді жақында миллион теңгеге сатып алды. Бір ай бұрын ғана мұндай жерлердің бағасы 2 миллион теңгеден аспайтын еді. Аз уақыт ішінде жер бағасы күрт өсіп кетті", - деді Түркістан тұрғыны Ақерке Мәмбеталиева. 

Ал үйдің бағасы 3,5 мен 20 миллиоон теңге аралығын құрайтын көрінеді. Жалдамалы үй ақысы күнінен 3 мыңнан 5 мыңға дейін бара екен.

"Болып жатқан жағдай бізді шошытып жіберді. Біз осы уақытқа дейін неге үй сатып алмадық деп қалдық. Біз бұрындағы жер қымбат деп жүруші едік, енді оның бағасы, тіпті, шарықтап кетті", - деді қаланың тағы бір тұрғыны.