ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы жұмыс сапарымен Академияның Түркiстан облыстық филиалына арнайы келiп, басшы лауазымына алғаш тағайындалған  мемлекеттік қызметшілердiң өңірлік жобаларымен танысты. 

Олардың қатарында «Жер жәннаты - Ащысай» жобасы бар. Бұл - Кентау қаласына жақын Ащысай елді мекенінде туризм орындарын дамыту арқылы өңірді жандандыру. Ащысайдың әсем табиғатын көрсетiп келушілер санын арттыруға бағытталған. 

Ал «Спорттық ауыл - Ащысай» жобасы - Ащысай тұрғындары арасында бұқаралық спортты жетiлдiру, спорттық іс-шаралар арқылы  ауыл-аймақтарда салауатты өмір салтын дамытуға  серпін беру. Сондай-ақ, «Зейнет жас – сапалы ғұмыр» жобасы таныстырылды. Онда зейнеткерлерді спорттық-мәдени іс-шараларға баулу, қарттардың өмірге қызығушылығын арттырып, өмір жасын ұзарту жайы қаралған.  Сонымен қатар, «Рухтың дамуы – ел дамуы» жобасы аясында Ащысай жастарына рухани білім берiп, бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсаты көзделген. 

Жобаларды тыңдауға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Исақов қатысып, комиссияға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Б.Алимбетов, Түркістан облысы Туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы П.Қонысбаева және Түркістан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Д.Исабаев қатысты.

Жобалар ректор мен комиссия тарапынан жоғары бағаланып, Кентау қаласы әкімдігі Ащысайды туризм орнына айналдыру идеясын қолдап, аталған жобалар аясында елдi мекендi дамыту жүргізілмек.