Қарағандылық жоғары оқу орындарының базасында зияткерлік клубтар және бірыңғай жас ғалымдар Кеңесі құрылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Newsroom.kz хабарлайды.

Бұл туралы меморандумға Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды мемлекеттік университеті. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды медицина университеті, "Болашақ" академиясы және Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті секілді алты оқу орны қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың бастамашысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма болды. Жобаның мақсаты – жас және талантты ғалымдарды, студенттерді біріктіру және өңірде ғылымды дамыту болып табылады.

Зияткерлік клубтар пилоттық режимде үш ЖОО-да ашылады: ҚЭУ, ҚарМУ және ҚарМТУ-де. Онда студенттер IT-технологиялар және робототехника, әлеуметтік-гуманитарлық және ғылыми-техникалық үш бағыт бойынша айналысады. Клубтарға студенттер және басқа оқу орындары қатыса алады.

- Бұрын мұндай клубтар болған, бірақ олар жабық үйірмелер болды. Яғни ҚарМУ студенті, мысалы, КЭУ-да айналыса алмады. Қазір барлық студенттер осы клубтарға бара алады, олар бірге жұмыс істей алады. Мысалы, «Болашақ» академиясында «фармацевтика» мамандығы бар, ондай мамандық ҚарМУ-да, медицина университетінде нано-медицина бөлімшесі ашылды. Яғни, осы факультеттердің студенттері қандай да бір жалпы жобамен жұмыс жасап, үздік нәтижелерге қол жеткізе алады, - деп түсіндірді балалар және жастар ҮЕҰ-мен жұмыс бөлімінің басшысы Рауан Таран.

Клубтағы отырыс екі айда бір рет өткізіледі. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма клубтарды жабдықтауға және талантты студенттердің ғылыми конференцияларға, байқаулар мен семинарларға жол жүруіне бюджет қарастыруда.
Меморандумға қол қою КЭУ-де өткен жас ғалымдар форумы аясында жүзеге асырылды. Онда Қарағанды жоғары оқу орындары мен ҚР ІІМ Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілдері сөз сөйледі. Олар әр түрлі тақырыптарға баяндамалар дайындады. Оның ішінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу туралы, ақыл-ой және дене еңбегі қызметкерлерінің психосоматикалық жай-күйінің ерекшеліктері туралы, қазіргі өмір жағдайындағы құқық ерекшеліктері туралы және басқа да мәселелер қозғалды.