24 қараша Польшаның, Гливице қаласында Қазақстанды таныстыратын өкіл Ержан Максим қатысатын беделді музыкалық байқауы Junior Eurovision өтеді. «Хабар» телеарнасы бұл халықаралық конкурсты тікелей эфирде сағат 21.00-де көрсетеді.

Конкурсқа дайындалу үшін қазақстандық делегация жас әншімен бірге Польшаға 17 қарашада жолға шығады. Гливицеде Ержан Максимді репетициямен бірге, көптеген іс-шаралар, оның ішінде баспасөз отырысы, конкурсқа қатысушы өзге мемлекеттердің қатысушыларымен таныстық күтуде.

Елордада «Хабар» Агенттігі басшылығының, Ержан Максим және оның анасы Гүлмира Әлібектің қатысуымен алдағы тұрған байқауға арналған баспасөз отырысы өтті.

18 қараша күні ашылу салтанатында  өтетін жеребе тастау рәсімінің нәтижесі бойынша Ержанның «Арманыңнан қалма» әнімен сахнаға шығатын реттік саны анықталатын болады.

Конкурс финалы 24 қараша өтеді.

«Биыл жарысқа 19 ел қатысады, олардың қатарында Албания, Армения, Австралия, Беларусь, Франция, Грузия, Ирландия,Испания, Италия, Қазақстан, Мальта, Солтүстік Македония, Польша, Португалия, Ресей, Сербия, Нидерланды,Украина мен  Уэльс бар. Ержан Максим еліміздің намысын  лайықты дәрежеде қорғайтынына сеніміміз мол, сондай-ақ, төрткүл дүниеге Қазақстанда талантты жастардың өсіп келе жатқандығын дәлелдейтініне күмәніміз жоқ», - деді «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожин баспасөз отырысында.

Ереже бойынша, жеңімпазды телекөрермендердің дауыс беру нәтижесі мен  құрамына үшеуі ересек және екеуі балалардан құралған 5 адам, байқауға қатысушы елдердің төрешілері анықтайды.

Қазақстандықтар тек қана Ержанға ғана емес, сонымен қатар өздеріне ұнаған өзге елдердің қатысушыларына дауыс беру мүмкіндігіне ие. Көрермендердің дауыс беруі junioreurovision.tv сайтында байқаудың финалына дейін 23-24 қараша күндері өтеді. Дауыс беру аяқталғаннан кейін, көрермендердің  өз сүйікті әншілеріне дауыс берулеріне тағы да 15 минут уақыттары болады.

Байқау бойынша және дауыс беру ережесі бойынша толығырақ төмендегі сілтемеден білуге болады:

https://jevision.khabar.kz/ru/