Ханкелді батырдың өз кіндігінен төрт ұл туыпты. Бәрі аман есен өсіп, азамат қатарына қосылғанда ол балаларын сынамақ болыпты. Әбден суық күз түскенде, қара қоңыр қой сойғызып, оларды ет пен сорпаға тойғызыпты. Далаға киіз үйдің сыртына төсеніш жайғызып беріп, ал ұйықтаңдар депті.Балаларының ойында ешнәрсе жоқ, жата жата кетеді. 

Батыр ерте тұрады екен, күн шықпай,таң бозарғаннан кейін түзге шығып, ұйықтап жатқан балаларын байқап көреді. Сөйтсе үлкен ұлы Тілеуке үстіндегі жамылғысын кеудесіне дейін ысырып тастап,төсін жалаңаштап жатқан екен дейді. Кеудесінің қалың қара қылшық түгіне жуан елі боз қырау тұрып,буы бұрқырап жатыпты. Соны көргенде жүрегінің түгі бар, жалтақтамай жауға шабатын жалаңтөс бахадүр боларсың деп сүйсініпті. Онан кейін шымбүркеніп жатқан Мөңкесін: ешкімге залалы жоқ момын шаруа болар, бір бетін ашып бір бүркеп жатқан Дөңкесін: Ара ағайынға ақыл айтар пысықтау боларсың депті. Ал кенжесі Түкені көргенде түгі бетіне шығып қатты ашуланады. Басы мен кеудесіне дейін қалың бүркеп алып, белуардан төмен жағын ашып тастаған екен дейді. Соған қарап тұрып: ұятын қымтап,абыройын жаппаған, бұл кімге абырой әпереді, бір ардан безген болады, деп түңіліп,сол жатқан жерінде басын шауып тастау үшін үйдегі қаруына ұмтылады. Керегенің басында ілулі тұрған қылышын қынабынан суыра бергенде, бәйбішесі басын көтеріп. Батыр сәл сабыр ет,күш сенікі сүт менікі екеуміз тең сынасақ болмайма деп аз кем аялдатады. 

Аялдағанмен ашуы тарқамаған батыр түйіліп тұрып: 

ал сына, не айтар екенсің депті. 

Бәйбішесі сыпайы ғана: Батыр бәрін дұрыс сынағансың дейді жылы жымиып, тек ашудың ырқына еріп, Түке жөнінде әнтек кеткен сияқтысың. Бұл баланың басын алма, қайта таңдап жүріп жақсы жерден қыз алып бер. Тұқымы асыл туады, ұрпағынан батыр шығады.

Ханкелді батыр қайта ойланып, қылышын қынабынан суырмайды. Кейін бәйбішенің айтқаны келіп,Түкеден атақты Райымбек батыр туады дейді аңызда. Өз атын өзі ұрандап шапқан халқымыздың бірнеше батырлары бар,

Олар:Қарасай,Қабанбай,Олжабай,Райымбек,т.б. мүмкін біз білмейтін басқада аты шулы көкжалдар өткен болар.....


Зауреш Сыпатаеваның фейсбуктағы "Албандарым" тобына жариялаған жазбасынан алынды