Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы болып Нұрлан Мархабатұлы Байғұт тағайындалды. 

Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрлан Мархабатұлы 1974 жылы 21 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған, білімі жоғары, біліктілігі инженер-экономист. 

Еңбек жолын 1997 жылы Шымкент қаласы бойынша салық комитеті жеке тұлғаларға салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастаған.