Шымкент қаласында «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жүргізу» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Жиында сондай-ақ «Экспорттық бақылауға қатысты сауалдар, ЕАЭО елдерінен заңсыз тауар кіргізу және камералдық бақылау мәселелерін талқылау» мәселелрі сөз болды. 

Бұл жайында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Семинарға ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті және салық саласының басшылары мен мамандары қатысты. 

Айта кетерлігі, Түркістан облысы бойынша салықтық рақымшылыққа шағын және орта бизнестің 10 909 субъектілері іліккен. 

2019 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша 7 926 субъектілердің, яғни жалпы санының 73%-ы 73,2 млн тенге көлеміндегі берешектерін төлеген. Ал 2019 жылдың 1 қаңтардағы есебі бойынша жеке тұлғалардың арасындағы берешегі барлардың қатары 140 мың адамды құраса, олардың мемлекетке қарызы 722 млн теңгеге жеткен. 

Мұның ішінде 82,3 пайызының көлік, мүлік және жер салығына берешегі бар. 4 қазанға дейінгі мәлімет бойынша 18 086 жеке тұлғаның өсімпұлы алынып тасталды. 

Семинар барысында бірнеше мәселе көтерілді. Атап айтқанда, еліміздегі жүргізіліп жатқан салықтық рақымшылық жұмыстарының нәтижесі, салықтық қарыздарды өндіру жұмыстары, камералды, экспорттық бақылау мен өндірістік емес төлемдер жөніндегі мәселелер талқыланды. 

Семинарда салық төлеушілер мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды. Сондай ақ, семинарға қатысушылар тарапынан түскен ұсыныстар мен ескертулерді бойынша қарар қабылданды.

Дереккөз: ҚазАқпарат