Арыстық кәсіпкерлерге «Бизнес бизнеске көмектеседі» жобасы аясында қаржылай қолдау көрсетілді.

Аталған жоба аясында Қазақстанның ірі компаниялары зардап шеккен кәсіпкерлерге демеушілік жасап, жөндеу жұмыстарына кеткен шығындарына өтемақы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Арыста жалпы саны 556 кәсіпкерлік нысаны бар. Олардың 480-і жөндеуді қажет етеді. Жарылыс кезінде зақым келген ғимараттардың қатарында 20 тойхана, 27 сауда орыны, 45 дәмхана мен халыққа кызметін ұсынып отырған басқа да 388 бизнес нысаны бар. Бүгінде тоғыз жолдың торабындағы қала тұрғындарына кәсіп ашып, экономикалық және әлеуметтік жағдайын дамыту мақсатында жұмыс жасап жатқан «Қамқор» бағдарламасы шағын несиелер беруін жалғастыруда.