2018 жыл бірлігі мен тірлігі жарасқан Сайрам ауданы үшін жемісті жыл болды. Әр салада алға ілгерілеушілік байқалады. Мәселен, ауданның өнеркәсіп саласының үлесі облыс көлемінде 10% құрап, екінші орынға тұрақтады.

Ауданда өңдеу өнеркәсібіне басымдық беріліп, өткен жылы 5 инвестициялық жоба іске қосылды. Бірінші жоба «Gas Standart System» серіктестігінің сұйық газ сақтайтын кешені. Құны 1 млрд.теңгені құрайтын нысанды 2018 жылдың 4-шілдесі күні облыс әкімі Ж.Түймебаевтың өзі іске қосты. Ал, екінші нысан «Южанка-5» ЖШС-нің ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехы. Жобаның құны 100 млн.теңге. Цехта көкөніс консервілері дайындалады.
Өткен жылы іске қосылған тағы бір жоба, «АХБК» ЖШС-нің тігін фабрикасы. Жобалық құны 172 млн.теңге болатын фабрикада өндіріс орындарында еңбек ететін жұмысшыларға арналған формалар, әскери киімдер, төсек орын жабдықтары тігіледі. Ал, «Артезия» серіктестігі жобалық құны 30 млн.теңге болатын сусындарға арналған пластикалық ыдыстар шығаратын цехты іске қосты. Сондай-ақ, өткен жылы іске қосылған инвестициялық жобалардың бірі — «Даут» ЖШС- нің сүт өнімдерін өңдейтін цехы. Мұнда қаймақ, сүзбе, айран дайындалады. Бір жылдық ішінде іске қосылған 5 инвестициялық жоба 191 жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік берді.
Жалпы, ауданның даму концепциясына сәйкес, өнеркәсіп саласының даму бағыттары айқындалып, олар бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесінде аталған салада 40,0 млрд.теңгенің өнімі өндірілді.
2019 жылы өнеркәсіп өнім көлемін 45,3 млрд.теңгеге жеткізіп, 12,5% өсімге қол жеткізу жоспарланып отыр.

Дәурен ДҮЙСЕБАЕВ
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.