1933-жылы Қашқарда құрылған Шарқи Түркістан Ислам Респубиликасының әскері және уақытша үкіметтің паспорты. 

Бұл үкімет небәрі бірқанша ай өмір сүрді де тұйықсыз құлады. Қашқариядағы Алты Шаһар халқының саяси энергиясы осы үкіметтен соң қатты саяси соқықы (удар) алды. Соның кесірінен 1944-жылғы саяси белсенділікке аса құлық таныта алмай қалды. 

Асығыс респубилика құру немесе тәуелсіздікті бірден жариялап жіберу кейде халыққа зор саяси соққы әкеледі. Сол соққының кесірінен бір ұлттың қаймағы саяси мүмкіндіктерден айрылып жатады. Немесе соңы саяси алдау мен тұзаққа түсіп жатады. 

Егерде, саяси тәуелсіздікті бірден жарияламай ұлттың саяси энергиясын сәл бағамдап барып тактикалы қимылдағанда аса көбірек мүмкіндіктерге де қол жеткізуге болатын еді. 

Бұл уақытша республикаға Мұстапа Шоқай арнайы адам жіберген. Ол қазірше зерттеуді қажет ететін тың тақырып. "Яш Түркістан" да осы республика мен саяси жағдай туралы мақалалар жарық көрді. 

Осы уақытша республикаға совет одағы бірқанша агентін жіберіп жіті қадағалап отырған. Әуелі, осы республиканы астыртын жоюға атсалысқан Ысқақбек Мононов пен Ақметжан Қасмидар 1944-жылғы Құлжадағы Шарқи Түркістан үкіметінің саяси билігін тартып алған тарихы таласқа толы күрделі тұлғалар еді.


Елдес ОРДАНЫҢ фейсбук парақшасынан алынды