Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Түркістан облысының бірнеше полиция қызметкері марапатталды.

Арыс қаласының тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіріп, қоғамдық  тәртіпті қамтамасыз еткен және  азаматтардың мүліктерін сақтауда өзіне берілген тапсырманы жоғары деңгейде ұйымдастыра білген тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ел басына күн туған сәтте өзінің қызметтік міндеттерін адал, әрі асқан табандылықпен орындаған тәртіп сақшыларын Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков салтанатты түрде марапаттады. Антына адал болып, еңбегі еленген қызметкерлерге  сый-сияпат жасады.

Дереккөз: ҚазАқпарат