Ішкі істер министрлігі WhatsApp арқылы Kaspi банк жайлы тараған жалған ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды turkistannews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, ел тұрғындары кезекті рет WhatsApp арқылы Kaspi банк банкротқа ұшырады деген секілді жалған аудио хабарлама ала бастаған.

Осы орайда ІІМ барлық қазақстандықтарды арандатушыққа ермеуге шақырады. Себебі бұл таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Сонымен қатар министерлік заңға сәйкес жалған ақпарат таратқандар анықталып, олар жазаға тартылатынын атап өтті.