Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Facebook әлеуметтік желісінде халықтың жазған хаттарын оқитынын айтты деп жазады turkistannews.kz.

Әкім қолы босаған уақытта бірден әлеуметтік желідегі ой-пікірлерді оқитынын жеткізген. Шенеунік қала тұрғындарымен екі жақты байланыс жүргізгісі келетінін де айтыпты.

Айта кетейік, Астана қаласының бұрынғы әкімі Әсет Исекешев әлеуметтік желіні белсенді қолдануымен көзге түскен еді. Ол Facebook желісінде елорда тұрғындарымен байланыс орнатқан.

Шенеунік астаналықтардың арыз-шағымдары айтылған жазба астына жауап ретінде пікір қалдырып отырған болатын.