Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев Астанада ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесінің қатысушыларын суретке түсіру кезінде жұрт назарын өзіне аударды деп хабарлайды turkistannews.kz.

Суретке түсу рәсімі екі-үш минутқа созылса да, бұл Медведевтің ерекше галстугын байқауға мүмкіндік берді.

Ондағы қауырсын телеоператорлар мен фотографтардың көзіне бірден түскен.

Айта кетейік, Дмитрий Медведев өзінің интерактивті екенін тағы да дәлелдеген. Өйткені ол отырыс барысында үнемі планшетті мониторға қарап отырыпты.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада ТМД елдерінің басшылары кеңесі өтіп жатыр.