Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, turkistannews.kz хабарлайды.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің биылғы 7 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ Арыстағы қалпына келтіру жұмыстарының барысы мен Түркістандағы құрылыстар жөнінде баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.