Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың әйелі Сара Нетаньяху Киевте сыйлы қонақтарды қарсы алу салтанатында оғаш әрекет көрсетті.

Ұшақ трапында отбасын украиналық ұлттық киім киген қыздар қарсы алып, қонақтарға нан мен тұздан ауыз тиюді ұсынды. Нетаньяху нанның бір бөлігін үзіп, тұзға батырып ауыз тиеді. Содан кейін әйеліне ұсынады. Алайда, премьердің жұбайы нанға қарап, оны жерге лақтыра салады.

Израиль БАҚ-тарының хабарлауынша, Сара Нетаньяху Киевке бара жатқан сапарында ұшақта кикілжің шығарып, лайнер командирінің лайықты түрде сәлем бермегеніне ренжіген.

Сара Нетаньяху дереу орнынан атып тұрып, ұшқыштар кабинасына бет алған. Алайда оны кабинаға өткізбеген, осы кезде премьердің жұбайы тағы да ашуланған. Нәтижесінде кеме командирі борттағы Нетаньяхуды Киевке қонғанға дейін 45 минут бұрын қайта қарсы алған.

«Шын мәнінде, кеме командирі Сара Нетаньяхуды қарсы алды, бірақ ол оны естімей қалды, бұл осындай оқиғаға әкеп соқты. Үкімет басшысы мен оның жұбайы Сара Нетаньяхуға сәтті сапар тілейміз», — деп атап өтті басылым.

Дереккөз: 365info.kz