лашұлы" тобы өздерінің "Ауыл-бай" атты әндеріне түсірілген су жаңа бейнебаянды жарыққа шығармақшы. Әннің атауы неліктен олай қойылғанын топ мүшелері түсіндіріп берді деп жазады Алматы арнасының "Әңгіме болсын" бағдарламсына сілтеме жасай отырып turkistannews.kz.

"Жақында ғана өзіміздің "Ауылбай" атты әнімізге бейнебаян түсірдік. Жақын күндері халыққа тарту етпекшіміз.

Атының өзі айтып тұр ғой "ауыл - бай" деп. Ауылды барынша мақтап түсіруге тырыстық.

Түсірілім жұмыстарына танымал жандар келіп қатысты. Клиптің жарыққа шығуын өзіміз де асыға күтіп отырмыз", - деп жаңалықтарымен бөлісті жігіттер.

Ал әннің атауына байланысты жұртты ойландыратын сұрақтарға "Алашұлы" тобының өз айтары бар.

"Қалаға жаңадан келгенде бір затты білмей жатсаң, "өй, "ауылбайский" деп жатады ғой. Сол сөзге қарсылықпен жаздық.

Әннің сөзін жазған Қанат Мырзахан әдемі жеткізген: "Айтады ауылбай деп кейбіреулер, ауылдың бай екенін байқағасын" деп.

Біріншіден, біреуді кемсітуге ешкімнің құқығы жоқ, екіншіден ауылға әр қазақтың жүрегі байланғаны анық", - деп ағынан жарылды топ мүшелері.

Естеріңізге сала кетейік "Алашұлы" тобының әндерін MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.