Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еліміздегі лауазымы жоғары шенеуніктер мен министрлердің жалағысы өспейтінін мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Еңбекақыны өсіру қатардағы мемлекеттік қызметшілерге қатысты. Шын мәнінде, мемқызметшілердің бір бөлігі еңбекақыны ең төменгі деңгейде алған болатын. Енді олар тиісті үстемеақыны алады.

Бұл өз кезегінде қатардағы қызметшілер, яғни олар министрлер мен олардың орынбасарлары немесе депутаттар емес.

Бұл тек қана бюджеттік сала қызметкерлеріне қатысты.

Осы орайда, мұғалімдер, кеңсе қызметкерлері, іс жүргізушілер, ауруханадағы санитарлар қамтылады.

Атап айтқанда, Жолдаудағы міндеттер осы қатардағы адамдарға бағытталды. Сондықтан еңбекақының өсуі министрлер мен лауызымды шенеуніктерге қатысы жоқ», - деді Тимур Сүлейменов Мәжілістегі жалпы отырыстан кейін.