Астанада Олжас Сүлейменовтың немересі Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты сот отырысы болып өтті. Онда айыпталушы Малика Мұхитова марқұмның жақындары талап еткен материалдық шығынды толықтай өтеуге дайын екенін жеткізді деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының қызы Малика Мұхитова сот отырысында сөз сөйлеп, жәбірленуші тараптың банктік шотын күтіп отырғанын баяндады.

"Талап бойынша өтемақыны толығымен өтеуге дайынмын. Біз ол тараптан банк шотының нөмірін жолдауды өтінген едік. Алайда олар банк шотын әлі жіберген жоқ", - деді айыпталушы.

Айта кетейік, осыған дейін жол-көлік оқиғасында қаза тапқан Ескендір Сүлейменовтың жақындары айыпталушы тарапқа материалдық шығын ретінде 14 миллион 753 мың 190 теңгетөлеуді талап еткен.

Сондай-ақ, марқұмның анасы ол қаржыны неге сұрағанынтүсіндіріп берді.

Апат бойынша айыпталып жатқан Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының қызы Малика Мұхитова сот алдында марқұмның отбасынан жылап тұрып кешірім сұраған.