Түркістан облысында Өзбекстанның 52 азаматы тірідей өртеніп кеткен автобустың жүргізушісіне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты О. М-ны ҚР ҚК-ның 348-бабы, 4-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, оны үш жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы жазасын қауіпсіздік деңгейі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді", - деп жазылған хабарламада.  

Сот ақпараты бойынша, зардап шеккендердің арызы ішінара қанағаттандырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz