12 тамыздағы жағдай бойынша Арыс қаласындағы 6915 үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның ішінде 28 көпқабатты үйдің негізгі қалпына келтірілді, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.


Тұрғын үй қоры объектілерін салу мен жөндеуге барлығы 6,5 мың құрылысшы жұмылдырылған. Бүгінгі күні 1,8 мың үйде әрлеу жұмыстары жүргізіліп, 400-ден астам тұрғын үй тұрғызылуда.


Тағы 2 мыңға жуық жұмысшы 59 әлеуметтік нысандарда жұмыс істейді. 17 сектордағы құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде және тұрақты бақылауда тұр.