Арыс қаласының барлық нысандары қалпына келтіріледі. Ол үшін тиісті сала мамандары барлық нысандары қалпына келтіріледі барын салуда. Мәселен, 12 секторға жауапты етіп бекітілген Ақтөбе облысы мен Келес ауданының әкімдігі тамыз айының соңына дейін 789 баспананы ретке келтіреді.

Құттыгүл әжейдің күнделікті тіршілігі немере бағып, бесік тербетуден басталады. Жарылыс кезінде өзімді алсаң да, балаларымның жанын алма деп тәңірден тілеген.  Абырой болғанда отбасы мүшелері дін аман. Тек, үйіне снаряд түсіп, күлі көкке ұшқанда біраз уайым басқаны бар. «Шүкір, жаны жомарт халқым бар екен»,- деп бүгініне шүкірлік етеді.  

Құттыгүл Назарбаева – Арыс қаласының тұрғыны

-Халқыма рахмет, еліме рахмет. 24 күннің ішінде үйімді 0 ден бастап, аяқтап бітіріп берді. Қазір  жанымыздың  рахатына  тұрып жатырмын.

Арыстағы Жәнібеков көшесі 48 үйдің тұрғыны Несібелі Қаппарованың үйінің шатырына зақым келген. Бүгінде Ақтөбелік құрылысшылар шатырын жаңалап, оны қалыпқа келтіруде.  

 Несібелі Қаппарова – Арыс қаласының тұрғыны

-Барлығына рахмет, енді мұндай жағдай қайталанбасын

Құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатқан объектілерде күл-қоқысты жинау ісі де ұмыт қалмаған. 150-ден астам жұмысшылар тартылып, 7 техника күнделікті тазалау жұмыстарын жүргізілуде.

Дәурен Илесов – Келес  аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

-Күнделікті тазалау жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін 10 техника, қазір 3 техника бар.

Айта кетейік, тиісті сала мамандарынан құрылған комиссия аяқталған жұмыстар бойынша үйлерді аралайтын болады.

 

Р.Бақытжанқызы  

Дереккөз: shymkenttv.kz