Тунисте 15 қыркүйекте өтетін президент сайлауына үміткерлерді тіркеудің соңғы күнінде 69 адам өз кандидатурасын ұсынған деп хабарлайды 7D News басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сайлау комиссиясы 69 үміткердің ішінен барлық талаптарға сай келетін кандидаттарды 31-тамызға дейін таңдайды.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 2-13 қыркүйектерге белгіленген.

Тыныштық күнінен кейін, сайлаушылар 15 қыркүйекте дауыс береді. Ал сайлаудың адын ала нәтижелері 17 қыркүйекте белгілі болуы тиіс.

Дереккөз: NUR.KZ