Ингушетияда жеті жасар қыздың оң қолының бір бөлігін кесіп тастады, деп хабарлады КТК арнасы.

«Бүгін қыздың оң қолын хирургиялық емдеудің бірінші кезеңі өтті. Қолдың өлі бөлігі, оның ішінде білекті алып тастады», – деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Ота сәтті өткен, алдағы уақытта ем жалғасатыны хабарланды. 

Естеріңізге сала кетейік, шілденің басында жеті жасар Аишаны ауыр халде Мәскеуге әкелді. Ол көптеген жарақаттар, күйіктер алған. Тергеу болжамына сәйкес, баланы ұзақ уақыт бойы өзінің тәтесі ұрып келген.