Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйіне басып кіру операциясы басталды, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан. 

Қой-Ташта милиция мен экс-президенттің жақтастары арасында қақтығыс болған.  

Құқыққорғаушылар жағынан 200-ге жуық қызметкер жиналған, ал Атамбаевтың жақтастары қатарында 400 адам бар. Милиция қызметкерлеріне Молтов коктейлі мен тас лақтырып жатыр. Ал құқыққорғаушылар қақтығыс барысында жарық-дыбыс гранаталарын қолданған. Атамбаевтың жақтастары кері шегіне бастады.  

Ескерту! Видеода былапыт сөздер бар!

Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz