Шымкенттік полицейлер Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойында құқық тәртібін қамтамасыз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Бұл матчта шымкенттік «Ордабасы» чехтың «Млада Болеслав» клубынан 2-3 есебімен жеңілді. 

«Ойын барысында алаңға жүгіріп шыққан жанкүйерлердің бірін тәртіп сақшылары дер кезінде ұстап үлгерді. Қазіргі таңда полицейлер онымен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізуде,- делінген хабарламада.