Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы turkistannews.kz порталы inform.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Айта кетейік, Айгүл Сайфоллақызы биыл 22 мамырда Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Фото: www.mfa.kz

https://www.inform.kz/kz/kazakstannyn-eo-zhane-nato-dagy-okildiginin-basshysy-tagayyndaldy_a3431976
http://turkistannews.kz/