Атышулы "Қалаулым" жобасының қатысушысы Камила Әділхан өзінің үйлену тойында ерекшелене білді. Бойжеткен өз көйлегімен көпшілікті таңдай қақтырған. Қалындықтың мейрамханаға кіруі той қонақтарының есінде әлі біразға дейін қалатынын сөзсіз деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шымкент қаласына келін болып түскен ару өз тойында екі көйлек ауыстырған. Алайда, елді қатты таңғалдырған екінші образы көптің есінде мәңгіге сақталып қалмақ.

Мейрамханаға кіріп келген қалындықты байқамау мүмкін емес болды. Себебі, ол фатасын құрбыларына ұстатпай, шарлармен безендіріп қойған. Ауада қалқып тұрған фатаның арқасында қалындық ұшып келгендей әсер қалдырды.

Камиланың айтуынша, оған мұндай ой тұрмысқа шықпай тұрып келген. Ару болашақта отбасын құрғанда мейрамханаға дәл осылай кіремін деп армандаған екен. Оған қоса, атышулы жобаның қатысушысы қалындықтың бұлай шығуы Қазақстанда тұнғыш рет болып тұрғанын жеткізді.

"Тұрмысқа шығамын деп те ойламаған кезімде осы идея келген болатын! Шынымды айтсам, қатты қорықтым осылай шығуға, сөз бар дегендей! Қазақстанда әлі болмаған! Қатты қаладым бірақ! Ойласам, болғанын қалаймын! Аллаға шүкір, мен ойлағаннан да керемет шықты ! Мықты болды! Бір түрлі болудан қорықпа деген шығу, ия" , - деп жазды ол.



Дереккөз: NUR.KZ